Воскресенье, 18.11.2018, 05:30
"Байғанин техникалық колледжі" МКҚК
Қош келдіңіз Гость | RSS
Бастапқы Багыбай Тіркеу Кіру
Сайт мәзірі

Біздін сұраулар
Сайтымызға баға беріңіз
Всего ответов: 57

Мини-чат

14 Байғанин кәсіптік лицейі туралы .


    1960 жылдың ақпан айында қазіргі Байғанин, бұрынғы Қарауылкелді селосындағы Қарауылкелді МТС-ының жанынан №163 Қарауылкелді ауылшаруашылығын механизациялау училишесі (УМСХ) болып ашылады. Қарауылкелді МТС 1965 жылы тарағаннан кейін, оның барлық материалдық-техникалық базасы училишеге берілді. Кейін №163 Байғанин селолық кәсіптік-техникалық, №19 кәсіптік-техникалық училишесі болып аталып келді.


2002 жылдан №19 Байғанин кәсіптік мектебі болып аталады.


         Осы кезге дейін мектепте 11574 оқушы оқып, жұмысшы  мамандықтарын алып шықты.


         Мектепте 1994-1995 жылға дейін, жылына 150 оқушы қабылданып келсе, кейін ырықтандыру саясатына байланысты 2001 жылға дейін 25 оқушы қабылданып келді. Осы кездер ішінде мектептің жатақханасы және клуб үйлері жекеге тұрғын үй есебінде пайдалануға беріліп жіберілді.


          Ауданның экономикалық жағдайы, еңбек нарығындағы жас жұмысшы мамандығына деген сұранысы ескеріліп, 2000 жылы мұнай өндірісі саласына, ақылы негізде «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау қондырғысының машинисті» мамандығына 29 оқушы оқып, мамандық алып шықты,


         Үкіметіміздің және жергілікті басшылық орындарының жас жұмысшы мамандарды дайындауға деген оң көзқарасының нәтижесінде, мектептің материалдық текникалық мүмкіншіліктері, ауданның еңбек нарығындағы сұранысы ескеріліп, 2002-2003 оқу жылында мектепке 75 оқушы қабылдауға тапсырма беріліп, ауылшаруашылық техникалырын пайдалану және жөндеу шебері мамандығына 25, Электронды есептегіш машиналардың операторы мамандығына 25, Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылаудың бұрғылаушысы мамандығына 26 оқушы , барлығы 76 оқушы негізгі мектеп бітірушілерден 3 жылдық мерзімді оқу топтарына қабылданды.


         2002-2003 оқу жылында барлығы 141 оқушы оқып білім алды.


2003-2004 оқу жылында бюджет есебінен қаржыландырылатын оқу топтарына оы мамандықтар бойынша110 оқушы қабылданып,200 оқушы оқыды, 2004-2005        оқу жылында 111 оқушы қабылданып,234 оқушы оқыды, 2005-2006 жылы 117 оқушы қабылданып, 251 оқушы оқыды, 2006-2007 оқу жылында 155 оқушы қабылданып,307 оқушы оқып білім алды..
         Осы оқу жылында мектепте «ауылшаруашылық техникалырын пайдалану және жөндеу шебері» мамандығына - 68 , «Электронды есептегіш машиналардың операторы»- 90, «мұнай және газ ұңғыларының операторы» -76, «электр және газбен дәнекерлеуші мамандығына» - 48, «кең көлемді құрылыс шебері» мамандығына -25 оқушы, барлығы бюджет есебіне 307 оқушы оқып білім алуда.
         2005-2006 оқу жылында ақылы топтарда  «В,С категориялы» автомобиль жүргізушісі мамандығына -92, «Д,Е категориялы» автомобиль жүргізушісі мамандығына -71, «Дербес компьютерді пайдаланушы» мамандығына 33 , «электр және газбен дәнекерлеуші» мамандығына 12, «бұрғылаушының көмекшісі» мамандығына 10, құрылысшы мамандықтарына -26,  барлығы  244 оқушы оқып білім алды.
         Осы ақылы курстарда оқыған оқушылардың 36-сы аудандық әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мекемесінің жолдамасымен оқыды.
Мектепте 2 оқу корпусы, шеберхана, 15орындық жатақхана және асхана жұмыс жасайды. Мәдени-көпшілік және сауықтыру-спорттық іс-шараларын өткізетін мәдени-спорт кешенін, бұрынғы «Сағыз» кинотеатырын 400 мың теңгеге мектептің бюджеттен тыс қаржысы есебінен сатып алып қайта жарақтандырдық. Онда спорт, акты залдары, кітапхана, алғашқы әскери дайындық кабинеттері орналасқан.
         Мектепте 47 педагог қызметкер жұмыс жасайды. Олардың арасынан Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген қызметкері, ССРО, Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру ісінің үздігі, Еңбек ҚызылТу орденінің иегері өндірістік оқу шеберінің М. Таласов, аға әдіскер оқытушы Р. Нұрымбетова, жоғарғы санатты оқытушылар Л. Иманғалиева, Қ. Нияз, Б. Сейілхановтарды атап айтуға болады.


         Мектеп түлектері арасынан Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Әлиевты, облыстық ден тәрбиесі департаментінің бөлім бастығы Ізбасар Сатыбалдинды, аудандық кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Ернияз Қалиевты, кәсіпкерлер Аманғали Әзіловты, Төлеген Шәудіровтерді атап айтуға болады. Олар 3 жыл кәсіптік мектепте оқып үздік оқуымен, үлгілі тәртібімен көзге түскен оқушылар.


Оқшылардың өндірістік оқуы мектептің оқу шаруашылығында, шеберханада, зертханасында, өндіріс орындарында, шаруа қожалықтарында және мекемелерде ұйымдастырылады.


Өндірістік оқуды ұйымдастыруға қажет техникалар жеткілікті мөлшерде. Оқу процесіне қажетті:

1- ДТ-75
1- МТЗ-80
1-Т-40     тракторлары
2-ГАЗ-53 жүк
8 – әр түрлі ауылшаруашылық машиналары бар.
«Мектепте 2 компьютер классында 22 компьютер бар.Олар Pentium-ІІІ және Intel Celeron компьютері. Мектепте теориялық оқу кабинеті жабдықталған. Онда кез келген пәннен компьютермен оқыту бағдарламалары жинақталып, кабинет NOUTBOOK компьютерімен және видео проектормен жабдықталып теориялық сабақ өткізуге жағдай жасалған.
Арнаулы пән бойынша – 6, жалпы білім беретін пән бойынша – 6 оқу кабинеттері, слесарлық, дәнекерлеу, двигательдер ЛПС кабинетері, барлығы 14 кабинет жұмыс жасайды.
   «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылаудың бұрғылаушысы» және «мұнай және газ ұңғыларының операторы» мамандықтары бойынша өндірістік оқу мен өндірістік практика аудан орталығынан 14 км жерде орналасқан  “АстанаМұнайбурГаз” компаниясының базасында екі жақты келісім шарт негізінде өткізілуде. Басқа мамандықтар бойынша да аудан мекемелері және шаруа қожалықтарымен келісім шартқа отырып өндірістік практиканы өткізу жолға қойылған.


Мектеп жатақханасында 22 оқушы жатып тегін тамақтануда,


 Мектеп материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында ақылы топтарда мамандар дайындаумен және басқа да шаруашылық жұмыстарымен айналысуда. Осы қаржының көпшілігі, мектепке бюджеттен еңбек ақыдан басқаға қаржы бөлінбегендіктен, көпшілігі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және коммуналдық шығындарды (жарық, жылу, жөндеу жұмыстарының шығындары) өтеуге жұмсалды.


Мектепте өткен жылу маусымына орталықтандырылған жылу қазандығы салынып, №1 оқу корпусының жылу жүйесі толық өзгертілді, №2 оқу корпусына ұзындығы 30 метрлік жылу трассасы тартылды.


Мектептің материалдық базасы өте ескі болғандықтан (1954 жылы салынған Қарауылкелді МТС-ының ғиараттары) жөндеу жұмыстарын жүргізу көп қиындықтар келтіруде.


Оқу корпустарының, жатақхананың, әкімшілік үйінің шатырлары тозған, жапқы ағаштары, едендері пайдалануға жарамсыз.


Оқу шеберханасы пайдалануға жарақсыз, құлағалы тұр.


Бұл ғимараттарды күрделі жөндеуге көп қаражат керек, сондықтан жаңа оқу ғимараттарын салған тиімді деп ойлаймыз.


Мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында бюджет есебінен 1,161 млн теңгеге парта, т.б мебельдер, 250 мың теңгеге жалпы білім беретін пәндер бойынша оқулықтар алынды.


Биыл 1,2 млн теңгеге электр және газбен дәнекерлеу аппараттары, слесарлық құралдар, жұмыс киімдері,4,8 млн теңгеге темір және ағаш өңдейтін станоктар алынды.


Қазіргі уақытта аудан көлемінде мұнай ұңғыларын бұрғылаушы отандық және шетелдік компаниялар жұмыс жасаүда, Жаңажол, Кеңқияқ мұнай кеніштері де ауданнан 120-130 шақырым қашықтықта орналасқан. Осы өндіріс орындарына мамандар дайындауға  тұрғын халықтың сұранысы бар. Алайда мектептің осы мамандықтарды дайындауға материалдық техникалық базасы әлсіз болғандықтан сұранысты қамтамасыз ете алмай келеміз.


Сондықтан жоғарғы мемлекетік органдардың мұнай өндірісіне қажетті оқу құралдарын (бұрғылау қондырғысы, дизельдер т.б қондырғылар) алып беруге көмектесуді сұраймыз.


 

Тіркелу панелі

Күнпарақ
«  Ноябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Іздеу

ҚР-ның негізгі сайттары

Категории каталога

Copyright MyCorp © 2018